Фото: ашық дереккөз
Ең үлкен өсім Риддер мен Екібастұзда болжанып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өсім нақты монополия субъектісіне, энергиямен, сумен немесе жылумен қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін, жеткізетін нақты ұйымға байланысты болады. Тіпті, желілердің тозған-тозбағанына да байланысты. Мысалы, Екібастұз ЖЭО-сы өтініш жасап, тарифті 107% көтеруді сұрады. Біз мұнымен келісе алмаймыз. Бірақ өсім 4 есе аз болуы ықтимал. Біріншіден, Екібастұз ЖЭО-ға меншік иесінің өзі жауап беруі керек. Қаражаттың бір бөлігі бюджеттен, екінші бөлігі тұрғындардан. Өйткені мұнда әділ көзқарас пен соған сай жылдам емес өсу болуы керек», – деді Әлібек Қуантыров.
Бұл ретте ол әр өңірде өсім әртүрлі болатынын атап өтті: бір жерде – 10, бір жерде – 25%.
«Тарифтердің өсуі туралы келісім жасалған кезде (тұрғындар төлемдерді жаңартылған тариф бойынша алады – ред. ескертпе) біз мұны өте бір қалыпты орындағымыз келеді. Мысалы, жылу тарифтері 1 наурыздан немесе 1 сәуірден бастап өседі деген сияқты», – деп толықтырды министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<