Қызылордада Достық үйінде өнер иесі, әнші, облыстық ҚХА мүшесі Константин Луцаның концерті өтті.
Концерттік кештің мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім сақтай отырып, жас ұрпақтың бойына патриотизм сезімін ұялату болып табылады.
Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сөз сөйлеп, өнер иесі, облыстық ҚХА мүшесі Константин Луцаға Алғыс хат табыстады.
Концертте облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өнерпаздары да өнер көрсетті. Көрермендер неміс этномәдени бірлестігінің «Адажио» шоу және өзге де түрлі өнер ұжымдары өнерпаздарының өнеріне тәнті болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<