Корей орталығы балаларға мереке сыйлады

280

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облыстық Корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Б.Шүкенов атындағы мәдениет және демалыс саябағында кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Шараға 100-ге жуық бала мен олардың ата-аналары қатысты. Мерекелік жиынның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге жағдай жасау болды.

Іс-шара аясында балаларға арналған түрлі ойындар мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Қызылордалық кішкентай қонақтар көңілді Квиз ойынына қатысып, білімдерін сынап көрді. Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама барысында дарц ойыны, жасырын қазынаны іздеу сынды қызықты тапсырмалар да балалардың белсенділігін арттырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – тек көңіл көтеру ғана емес, балалардың ой-өрісін дамытуға бағытталған пайдалы шара.

Кеш соңында барлық балаларға тәтті балмұздақтар мен сыйлықтар таратылып, мейрам шын мәнінде жарқын көңіл-күймен аяқталды.

Қызылорда облыстық Корей этномәдени орталығының бастамасымен өткен бұл мерекелік іс-шара – ұрпақ тәрбиесіне үлес қосатын игі шара болды.