Кореяда тұратын жерлесіміз дауыс берді

492

0

Қызылордалық жастар да сайлау күні өз таңдауларын жасауда. Олардың арасында Оңтүстік Кореяда тұратын жерлесіміз Мадина Жақыпбекова да бар. Жерлесіміз Сеул қаласындағы елшілікке барып, дауыс берді.

Науқанда белсенділік танытқан жерлесіміз өз таңдауын жасауға келгенін және мемлекет үшін маңызды шешім қабылдауда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<