Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 23:15 жағдай туралы хабарланды.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам Алматы қаласында тiркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 55 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, жалпы 150 науқас тіркелді.
Жалпы науқастардың саны – 150. Жазылғандар саны – 3.Қайтыс болғандар саны – 1.





