Коронавирусқа көбіне кімдер шалдығады?

118

0

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова жаңа коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аурудың негізгі белгілері: тыныс алу жолдарының қабынуы, қызудың көтерілуі, жөтел, демігу, дененің ауыруы, диарея. Аталған инфекцияны көбіне ұзақ уақыт тыныс жолдарының созылмалы ауруымен ауырғандар, иммунитеті төмен ересек адамдар жұқтыры мүмкін»,– дейді Айзат Молдақасымова. Сонымен қатар, ол дерттің алдын алу шаралары туралы да айтты. «Профилактикалық шаралар қарапайым: қол гигиенасы, бөлмені жиі желдету. Егер сізде катаральды құбылыстар байқалса, онда үйден шықпай дәрігерге жүгінген дұрыс»,– деп түсіндірді ол. Айзат Молдақасымова адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді. Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қытайдан Алматыға келгендер дәрігерлердің жіті бақылауында екенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ, мамандар алматылықтарға жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ екенін ескертті.