Коронавирустан көз жұмған әйелмен құдалықта бірген болған алматылық та індет жұқтырған

199

0

Алматыда құдалықта болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Ақмола облысының арнайы қызмет өкілдері коронавирустан қаза болған әйелдің Алматыда құдалықта болғанын хабарлаған. «Алматыда ол әйелмен 6 адам жақын араласқаны анықталды. Олардың барлығы қазір оқшауланды. Олар құдалықта бірге болған. 6 адамның ішінде біреуі коронавирус жұқтырған. Ол әйел қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысы карантин кезінде ұлттық дәстүрлерімізді тоқтата тұру керектігін айтты.
«Ұлттық дәстүрлеріміз – құдалық, беташар сияқты балалардың қуанышына жасалатын жоралғыларды тоқтату керек. Көп адам бас қосатын, тамақтанатын дәстүрлер қазір қажет емес. Көп нәрсе тәртіпке байланысты», – деді Т.Әбілдаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<