Костенко шахтасында қаза болған соңғы адамның денесі сыртқа шығарылды

412

0

Сурет: pxfuel

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-жұмысшының денесі 6 қараша күні кешке жердің бетіне шығарылды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің 7 қараша күні хабарлауынша, қаза тапқан кеншілердің соңғысының сүйегі 6 қараша күні сағат 20:00 шамасында табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді.

«Іздестіру жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шахтада қаза болған 46-кенші Александр Валерьевич Прокудин екені белгілі болды.

Костенко атындағы шахтада қаза тапқан соңғы адамның мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат БАҚ-та 30 қазанда жарияланды. Бірақ ол ақпарат ресми расталмаған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<