Көпірде төрт көлік соқтығысты

307

0

Көпірде төрт көлік соқтығысты Оралда 8 наурызда түскі уақытта төрт көлік соқтығысты, – деп хабарлайды «Мой Город»

Жол апаты саяжай ауылдарының маңындағы көпірде болған. 

«Көпірде төрт көлік – екі Volkswagen, Toyota және ВАЗ-2115 соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат бірінші көліктің күтпеген жерден тоқтағанына байланысты болған. Кейін оның артына басқа көліктер соқтығысқан. Апат туралы хабар 11:45-те түсті», – деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бір жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алған, оларды жедел жәрдем көлігі алып кеткен.