Кредит алған қазақстандықтар саны өсті

794

0

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

«Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 016,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға 11 383,4 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», – делінген ҰБ сәуір айындағы қаржылық көрсеткішінде.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4%) төмендеді. 2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% (2021 жылғы сәуірде – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,3%) болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<