Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) мен Еуропалық футбол агенттерінің қауымдастығы (EFAA) құрған сыйды табыстау рәсімі Дубайда өтті. 2018 жылдың үздік бапкері Франция құрамасымен әлем чемпионатын ұтқан Дидье Дешам болды. Ал мадридтік «Атлетико» үздік клуб атанды. Роналдудың да ісін жүргізетін португалиялық Жорже Мендеш үздік агент болып танылды, ал үздік спорт директоры атағына «Ювентустегі» италиялық Фабио Паратичи лайық болды.
Криштиану Роналду бесінші рет үздік футболшы марапатына ие болды
05.01.2019
306
0





