Көрме 31 мамырға дейін жалғасады

302

0

Көрме 31 мамырға дейін жалғасады  ХХ ғасырдың басы талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген кезең. Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жыл 31 мамыр  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күні болып белгіленді.  Осы  орайда  бүгін  «Ақмешіт» филиал музейі «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының тауқыметті тағдырлары ешқашан ұмытылмайды» атты  фотокөрме ұйымдастырды. 
Көрменің мақсаты – саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының  ерлігін насихаттау, жазықсыз құрбан болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды есте сақтау өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп ұғыну. Көрмеге  өз заманының көрнекті зиялылары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Есқараев, С.Қожанов,  И.Тоқтыбаев, Т.Жүргенов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, Н.Төреқұлов, т.б   фотосуреттері қойылды. 
 Тарихтағы бұл қатал кезеңдерді  ұмытпай, тағылымды тағзым жасау парызымыз, ел есінен шығармауға тиіспіз. Көрмені музейге келушілер тамашалады. Көрме 31 мамырға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<