Күшті жел батутты ұшырып әкетті

318

0

Күшті жел батутты ұшырып әкетті Қостанай қаласының «Тәуелсіздікке – 25 жыл» саябағында қатты желдің екпінінен батут аударылыды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап.Оқиға 31 мамыр күні кешкі сағат 21:30 шамасында Гашек көшесіндегі саябақта болған. 
«Ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 3 метр болатын «Тәуелсіздікке – 25 жыл» саябағындағы үлкен батут 10-12 адамға шақталған.  Жылдамдығы секундына 17-18 метрге жететін күшті жел батутты аударып тастады. Жел тұрған кезде иелері батут ішіндегі желді шығармақ болған, алайда үлгерген жоқ», – дейді У.Досанов.
Оның айтуынша, батут құлаған кезде зардап шеккендер болған жоқ.