КӘСІП ТҮБІ-БЕРЕКЕ

328

0

КӘСІП ТҮБІ-БЕРЕКЕ Нұр Отан партиясының Арал аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың қатысуымен «Кәсіп түбі – береке» атты семинар-тренинг өткізілді. Басты мақсат – ел тұрғындарын кәсіп көзін ашуға бейімдеу, осы арқылы халықтың әл – ауқатын арттыруға жәрдемдесу және бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайту болып табылады. Семинарға кәсіппен айналысуға ниет білдіріп жүрген аудан тұрғындары мен кент, ауылдық округтардың кәсіпкерлік саласына жауапты етіп бекітілген мамандары қатысты.
Семинар барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.Жұмағұлов, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Қ.Еңсепов, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы Г.Исаева хабарлама жасап, арнайы шақыртумен бастау бизнес жобасының жетекшісі А.Молыбаев түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында Белсене қатысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<