Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының кезекті отырысында мемлекеттік органның, нақтырақ айтқанда кәсіпкерді әуре-сарсаңға салған қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің мәселесі қаралды.Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев та, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов та кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмау себебі ретінде дүкен салмақшы болған жерден су трубасының өтетіндігімен түсіндірді. Ал кеңес мүшелерінің «дүкен салуға ешқандай кедергі жоқ», – деп анықтама берген «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің жауабын қайтпекпіз», – деген сауалына мемлекеттік орган өкілдері жөнді жауап та бере алмады.
Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының қорытындысымен Күләйхан Меңдиярова өз қаржысы есебінен су трубасын ауыстыратын болып, содан кейін жобасын қалалық сәулет-қалақұрылысы кеңесіне қайта ұсынатын болып келісілді. Кеңес мүшелерінің: «Су трубасының ауысуымен мәселе толық шешіле ме? Эскиздік жобасына рұқсат бересіздер ма?», – деген сауалына қалалық әкімдік өкілдері «шешіледі», – деп жауап берді.
Мәселе Кәсіпкерлер палатасының тікелей бақылауында болады. Ендігі жерде бұл жобаны Палата мамандары сүйемелдейтін болды. Ал кәсіпкерге жұмыс жасауға кедергі келтіріп отырған қала әкімдігі жанынан құрылған Сәулет-қалақұрылысы техникалық кеңесінің қызметі туралы келесі материалда айтылады.





