Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін марапаттады

388

0

Бүгін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына атсалысып жүрген бірқатар іскер азаматтар марапатталды.

Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов 2018 жыл Сыр кәсіпкерлері үшін табысты жыл болғандығын айта келе: «Жыл басында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыстық қоғамдық кеңес пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жылдар облыста жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Аймақта кәсіпкерлік саласының дамуында Палата тарапынан да ауқымды шаралар жүргізілуде. Жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 200-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғап, Палата мамандары 5855 азаматқа кеңес берді, «Бастау» жобасы аясында 1600 азаматты оқытты. «Бизнес-мектеп» аясында оқу курстарын аяқтаған 1548 азаматтың ішінен жалпы құны 1 млрд.теңгеге жуық қаржыға 429 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың барлығы Палата тарапынан сүйемелденді», – деді.

 Кәсіпкерлер палатасының басшысы өңірде саланы дамытуда мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен мүдделі мекемелердің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде облыстың өңірлер арасында бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша 1-ші орынды иеленіп, «Хан тәңірі» сыйлығына қол жеткізгендігін де айтып өтті.

«Бүгін жылды қорытындылар сәтте Сіздермен кездесіп, «Атамекен», сондай-ақ облыс, қала басшылығымен берілген марапаттарды табыс етуді жөн көріп отырмыз. Бұл марапаттарға Сіздердің жыл көлемінде жасаған еңбектеріңізді ескере отырып, Палата тарапынан ұсынған болатынбыз», – дей келе, төмендегі кәсіпкерлерді марапаттап шықты.

1. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың «Алғыс хатымен»:

  – «Аралтұз» АҚ-ның президенті Тауасаров Айдынбек;

 – «СтандартСтройСервис ЛТД»ЖШС-нің директоры Қалышев Асылбек;

 – «СКЗ U» ЖШС-нің директоры Бекжанов Мадихан;

 – «Сұлтан Сүйрік» ЖШС-нің директоры Сұлтанов Серік;

2. «АТАМЕКЕН» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатымен»:

– «AB INVEST GROUP» ЖШС-нің директоры Дүйсенбаев Ғалым;

3. Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы Президентінің «Алғыс хатымен»:

– Жеке  кәсіпкер, «Сәулет» базарының басшысы Курбанов Шамсуддин;

4. «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен:

– «К Групп ЛТД» ЖШС-нің директоры Боранбаев Қайрат;

– «ФракДжет» ЖШС-нің директоры Орынғалиев Аслан;

– «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы бойынша фили алының директоры Қарақожаев Оразбек;

– «Полимер продукт» ЖШС-нің директоры Бимағанбетов Қайрат;

– «Монтажспецстрой» ЖШС директоры Үдербаева Рая;

– «Нефтьпромснаб» ЖШС директоры Қуанышбаев Қазбек;

– «Юсупова» ЖК-нің басшысы Юсупова Бибайша;

5. Қызылорда  облысы  әкімінің орынбасары Евгений Кимнің «Алғыс  хатымен»:

– ЖК «Промкоммерц К», Керімқұлова Аида;

5. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың «Алғыс хатымен»:

– «ЭлектроТехнология» ЖШС-нің инженері Шалабаев Марат;

– «Интеллект КИПиА Сервис» ЖШС-нің директоры Абуов Батырбай;

– «Абзал и К» ТС-нің ардагер қызметкері Байылов Молдан;

– «Абзал и К» ТС-нің ардагер қызметкері Микбасов Хамит;

– «Казспецстрой Экспертиза» ЖШС-нің директоры Гүлзагира Абдраимова;

– «Жәрдем» ауылшаруашылық кооператитерінің Ревизиялық кеңесінің төрағасы Шәріпұлы Айтуған;

– «Абай Даулет» ЖШС-нің директоры Сәрсенбаев Мұрат;

– «Сыбаға» ЖШС-гі директорының орынбасары Төлеков Ақперде;

– «Жайна» СҮ-нің басқарушы директоры Сүгүрбаева Рая;

– Қызылорда облысы туризм Қауымдастығының төрайымы Булегенова Сәуле;

– ЖК «Қуаңбаева Гульжан», Қуаңбаева Гүлжан;

– ЖК «Токбердиев», Тоқбердиев Турали марапатталды.

Шара қорытындысымен кәсіпкерлер Палата тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, алғыстарын жеткізді.

         Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<