Кәсіпкерлікке кең өріс

446

0

Кәсіпкерлікке кең өріс «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» аясында Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында біршама жобалар жүзеге асырылуда. Ауыл бойынша «Өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы жалпы құны 13,5 млн теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландырылды.
Атап айтқанда, ауыл тұрғындары Маликова Гулбану (1,5 млн. теңге). Оралтаева Роза (3,0 млн. теңге), Кәрібаев Жанболат (3,0 млн. теңге), Толыбаева Гүлсім (3,0 млн. теңге), Рахметова Жангүл (3,0 млн. теңге) «Мал шаруашылығы» дамыту бағытында қаржыландырылды.
Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 2 жоба 4,5 млн теңгеге. Нұрмышов Нұртай (3,0 млн. теңге). Байдосов Бағдат (1,5 млн. теңге) қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының грант тетігі бойынша конкурстан кондитерлік өнімдер өндіру жобасы бойынша Сарыбаева Қарлығаш 800 мың теңге, тіс емханасы жобасы бойынша Орынбаев Серікбол 2,0 млн. теңге грантты ұтып алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша жеке кәсіпкер Төртова Хатшаның 2,9 млн. теңгені құрайтын «Дүкеннің айналым қаражатын толықтыру» жобасы «Халық банк» АҚ-ы арқылы қаржыландырылып жұмыс жасауда.
Алдағы уақытта ауыл бойынша алты жоба құжаттары мақұлданып қаржыландырылуын күтілуде. Кәсіпкерліктің дамуы – ауылдың дамуы. Жалпы, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті ауыл тұрғындары үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету бұрышы қамтылып, тұрақты түрде кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<