Кітап авторы болуға кімдер құқылы?

343

0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова кімдердің оқулық авторы бола алатындығын айтты. Дереккөз: kazinform.kz

«Бүгінде оқулық авторы деген мамандық жоқ. Сондықтан оқулықтарды дайындаумен, оқулықтардың мазмұнымен тұрғыда ең бірінші кезекте ғалымдар айналысады. Олар оқулық мазмұнын теориялық ғылыми негіздейді. Сонымен қатар оқулықтарды дайындауымен барлық пәндер бойынша тәжірибесі бар практик мұғалімдер де айналысады», – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұдан басқа Департамент басшысы аймақтану оқулығының мазмұнына да тоқталды.

«Бұл оқулық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы сараптамаға түсіп отыр. Әрбір өңір өз аймақтары бойынша оқулық авторы болып табылады. Айта кетерлігі, 20 сағатқа әр өңірдің географиясы, музыкасы мен тарихы еніп отыр», – деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, қасиетті жерлердің тізімін әрбір өңірдің сарапшылары дербес айқындайтын болады.

«Сондықтан аталған оқулыққа қандай қасиетті жердің кіретіндігін облыстар айқындайды. Бұл нормалар оқу бағдарламасын айқындау барысында негізгі алынуы тиіс. Бүгінгі күні бағдарламаны айқындау жұмыстары жалғасып жатыр», – деді департамент басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<