Күйеуінен таяқ жеген азаматшаға әлеуметтік қолдау көрсетілуде

213

0

Фото: әлеуметтік желі/Жазира Бегалы

Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізуде.

Сонымен қатар азаматша екі баласымен бірге Дағдарыс орталығына орналастырылды. Оларға жан-жақты психологиялық, құқықтық көмек және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Отбасын зорлық-зомбылық жасаудан қорғау мақсатында күдіктіге (3-топ мүгедек) қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Қызылорда қаласы ПБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, журналист Жазира Бегалы 25 наурыз күні Facebook әлеуметтік желісінде Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны Сәуле Әкімованың тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғаны туралы жазба жариялады.

– Сәуле Әкімова ауруханада тазалықшы болып еңбек етеді. Күйеуінің айтуынша дәрігер жұбайына шағым айтып, ұрыс-жанжал тұтанып, нәтижесінде келіншек таяқ жеді. Жәбірленушінің айтуынша жұбайы қызғанып, жиі ұрып, соғады. Күйеуі «менің қатыным ғой, сындырсам» деді. Тіпті «сотқа беремін, отбасымның шаруасы» деп полицияның көзінше бізге айбат көрсетті. Бұл келіншек дәрігерден күйеуінің порталы жайлы сұраймын деп таяқ жедім дейді. Ерінің соққысынан екі қабырғасы шытынап кеткенін айғақтайтын анықтамасы бар. Күйеуі төмпештеп ұрып жатқанда үндемеген дәрігерді іздегім келген. Портал жайлы сұрады деп дәрігер күйеуін жұмыс орнынан шақырып, ақыры әйел дене жарақатын алған, – деді журналист.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<