Бүгін шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын «Домбыра күні» Жалағаш ауданында аталып өтті.
Төл өнеріміздің тұмарына айналған киелі аспапты дәріптеуге арналған салтанатты шара алдымен мазмұны ерекше көрмемен басталды.
Жамбыл Жабаевтың немересі Әлімқұл Жабаев 1982 жылы Қармақшыда өткен Республикалық айтыста Мардан Байділдаевқа сыйға тартқан жыр алыбының домбырасы және Жалағаштық Әбілда Жүргенбаевтың қос ішекті құнды жәдігері көрме сөресінен орын алды. Жалағаштық өнер алыптарының шығармалары, Сыр өңірінің өрісі кең өнегелі шығармалары да көрме төріне жайғасқан.
Тарихы терең тағылымды күнде аудан өнерпаздарының қатысуымен мерекелі концерт қойылды.
Күмбірлете төгілген күй, әуезді әсем ән және қос ішекті аспаптың астарымен үйлесім тапқан би көрерменнің рухани көңілің көтерді. Ұлттық аспаптың бүгінгі аманаттап алған бүлдіршіндер де салтанатты шараның сәнін кіргізді.
Аудан тұрғындарының руханиятымызбен сусындап, өнерін өрге жетелеуде жергілікті таланттарымыздың талпынысы жоғары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<