Сурет: Zakon.kz
Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде 2023 жылғы 22 қараша күні «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі ескертті.
Сонымен мына учаскелерде жол қозғалысы шектеледі:
Ақмола облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
«Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
«Жезқазған-Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
«Екатеринбург-Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы
Солтүстік Қазақстан облысында:
«Жезқазған-Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
«Екатеринбург-Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;
Қостанай облысында:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.
Ведомство күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылғанын мәлімдеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<