Күнбағыс майының бағасы өзгерді

329

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

13 наурызынан бастап «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік дүкендердегі күнбағыс майының 1 литрі 565 теңгеге өзгерді. Сондай-ақ, дүкен сөрелерінде енді күнбағыс майы 5 литрлік құтыда 2825 теңгеден қолжетімді болмақ.

Ал интервенция бойынша сауда үйлерінде және жәрмеңкелерде күнбағыс майының 1 литрі – 635 теңгені құраса, 5 литрлік құтыдағы май – 3175 теңгеден сатылады.

Жаңадан келіп жатқан күнбағыс майының атауы «Turkistan». Аталмыш өнім «Turkistan» май зауытынан тікелей Тұрақтандыру қорына бүгінде 110 мың литрі жеткізілді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі