Күріш институтында – қауырт науқан

155

0

Фото: Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты

Жаз мезгілі – ғылыми-зерттеу институты үшін ең жауапты әрі қызу еңбек уақыты. Қазіргі таңда Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болашағы зор арпа нөмірлерінің масақтары сұрыпталып, оларды Мемлекеттік сортсынаққа тапсыру және патентке қабілеттілігін бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – өнімділігі жоғары, ауруларға төзімді жаңа сорттарды шығару жолындағы маңызды кезең.

Сонымен қатар, институт мамандары питомниктер бойынша үлгілерге биометриялық талдау жасап жатыр. Әр өсімдіктің ерекшелігін мұқият зерттеу – селекция үшін құнды материалдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жекелеген учаскелерде ерте пісетін формаларды ішінара жинау басталды. Бұл жұмыс үйлесімділікті және агротехникалық мерзімдердің қатаң сақталуын талап етеді.

Тәжірибелік алқаптарда қант қызылшасына күтім жасау жұмыстары да қатар жүріп жатыр: арамшөптерден қолмен тазалау және сирету арқылы өсімдіктердің тең өсуі қамтамасыз етіледі.

Аптап ыстыққа қарамастан, еңбек қыза түсуде. Өріс басындағы әрбір кезең – отандық ауыл шаруашылығының болашағына қосылған үлес.