Күзде елімізден 1,8 млн тонна егін экспортқа жөнелтілді

384

0

Коллаж: Kazinform/Pixabay

Жаңа егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары», — делінген хабарламада.

Ресейге тасымалдау шектеусіз жүргізіліп жатыр. Соңғы екі айда Ресейге 23,4 мың тонна тауар жіберілді, ал Ресей арқылы транзиттік тасымалдау 113 мың тоннаны құрады.

Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау соңғы екі айда 250 мың тоннадан асты.

Орталық Азиядағы дәстүрлі нарықтарда жаңа егіннің тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға өсті және 1 млн тоннадан асты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында бидайды терең өңдеу зауыты салынғанын жазған болатынбыз. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<