\»Кызылординские вести\» тілшілері жүлделі болды

220

0

«Кызылординские вести» газетінің тілшілері Игорь Титенок пен Кирилл Денисовтің редакциялық kzvesti.kz сайтында жарияланған таймлапс-видео жобасы республикалық «Мұнай сервис даусы» байқауында үздіктер қатарынан көрінді. 
Баспа, теле және интернет ақпарат құралдарының өкілдері арасындағы байқауды Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар Одағы ұйымдастырды. Ол жалпы құны 2 млн теңге болатын жүлде қорымен төрт аталым бойынша өткізілді. Қазылар алқасының назарына барлығы 87 жұмыс ұсынылды.
«Интернет кеңістігіндегі үздік жұмыс» аталымында облыстық басылым журналистері оқ бойы озып шықты. Әріптестерімізді шығармашылық жетістігімен құттықтаймыз.

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<