Күз ханшайымы анықталды

2115

0

Қазір айналаға қарап ғажайыпқа толы мезгілдің соңғы сұлу сәттерін байқай аласың. Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде өткен «Алтын күз ханшайымы» атты байқауда мектеп оқушылары күз мезгілінің кереметін сезіндіріп, көрермендерге қуанышты көңіл-күй сыйлады. 

Оқу ордасындағы 4-сыныптардың арасында өткен байқауда 13 оқушы білімі мен өнерлері бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңде өздерін  таныстырса, екінші кезеңде би билеп, ән шырқады. Ал, үшінші кезеңде сахнаға нағыз күз ханшайымдары келгендей әсер қалдырды. Кішкентай ханшайымдардың қолдан дайындаған көйлектері мен сөмкелері, тіпті қолшатырына дейін нағыз алтын күзді бейнеледі.

Оқушыларды біліммен қатар өнерге баулитын, жауапкершілік, ұқыптылыққа тәрбиелейтін шарада сыныптастырдың бірлігі, қолдауы да маңызды. Өнерсіз бала болмайтынын ескерсек, мұндайда бастысы шараға тыңғылықты дайындалу. Сонымен қатар, мұндай байқаулар сахна мәдениетіне үйретіп, үлкен жетістіктерге жол ашады.

 Шара нәтижесінде 4 «А» сынып оқушысы Қарақат Абдималикова «Алтын күз ханашайымы» атанса, 4 сынып оқушысы Аяулым Алтайқызы І орын иеленді. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<