Лагерь балалармен бірге библиодесант өткізді

598

0

Жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, танымал қазақ және әлем балалары әдебиетін насихаттау, әдеби шығармалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани және мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында   №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектебі жанындағы күндізгі тынығу лагерінің  балаларымен  кезекті   «Кітаппен өткен балалық шақтың бал күндері» атты библиодесант  өткізді.

Адам өміріндегі кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдан, энциклопедиядан оқып білуге болатын қызықты оқиғалар жайлы айтқан кітапханашының сөзін  балалар ықыласпен тыңдады. Оқушылар кітап жайлы өлеңдер  оқыды, оқыған кітаптан  алған әсері мен кітап оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті.  Шара соңынан « Барлығы жайында» танымдық викториналық  ойын өткізіліп, қатысушылар танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі-түсті безендірілген кітаптармен үлкен қызығушылықпен танысты. Шара соңынан балаларға арналған ертегілер,танымдық кітаптар 10 күн мерзімге мектепке қалдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<