Лас-Вегаста әнұран орындауға дайындалып жатқан Димаш Головкинге сенетінін айтты

706

0

Димаш Құдайберген Геннадий Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің қазақстандық боксшы үшін жеңіспен аяқталатынына сенімді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«

Ертең көріскенше. Мен сенемін. Гена жеңіске жетеді

«, – дейді әнші.

Ол жекпе-жек өтетін Лас-Вегастың T-Mobile Arena кешенінде болып, шаршы алаңда өнер көрсетуге дайындалып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Геннадий Головкиннің арнайы шақыртуымен Димаш Құдайберген GGG-Canelo үшінші жекпе-жегі алдында Мемлекеттік әнұранымызды орындап, спортшыға қолдау білдіреді.