21 қараша күні Қызылордадағы «Ақмешіт» музейінде «Латын әліпбиі – өркениет жолында» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қаламыздағы №1, №5, №6 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, №112 мектептің оқушылары мен сынып жетекшісі қатысты.
Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыруды» сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру, таяу жылдарда атқарылатын қызметтер жайлы мәлімет беру. Латын әліпбиін меңгеруге шақыру. Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру.
Шақырылған қонақтарға естелік ретінде кітаптар сыйға тартылды. Одан әрі музей қызметкері оқушылар мен ұстаздарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізді.





