Облыстық медицина орталығының мәжіліс залында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы, тілдерді оқыту орталығының әдіскері Баян Байділдаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Болат Боранбай қатысып, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің мән-маңызын қозғады. Басқосу барысында тыңдаушылар тарапынан латын әліпбиіне қатысты спикерлерге сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар берілді. «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің медиа-координаторы Еркін Құсанның айтуынша, мұндай шара келесі кезекте «ПҚҚР» АҚ басқармасында ұйымдастырылмақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<