Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет келесі кезеңге шықты. Ол бүгін шаршы алаңда Чехия спортшысы Милос Бартлды 5:0 есебімен жеңді. Ал тағы бір жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға 17 қыркүйекте шығатын болады.
Айта кетейік, аталған Әлем чемпионаты 8 қыркүйекте басталды.
Әлем чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет келесі кезеңге шықты
14.09.2019
461
0





