Оның биіктігі – 182 метр. Астындағы тұғыртасымен қоса есептегенде биіктігі 240 метрді құрайды. Бұл Нью-Йорктағы «Азаттық» мүсінінен екі есе биік болса, қазіргі күндегі ең биік мүсін қытайдың Хэнань провинциясындағы 128 метрлік Буддадан 54 метр биік болады.
Патель 1875 жылы 31 қазанда Үндістанның Надияад қаласында дүниеге келді. Жоғары мектепті бітіргеннен кейін заң факультетін тәмамдап, қорғаушы болып жұмыс істей бастады. 1900 жылдан бастап,1910 жылға дейін Годхра мен Балсад қалаларында қылмыстық істер бойынша қорғаушы болды, осы кезеңде Патель Үндістанның ең танымал және табысты адвокаттарының бірі еді. 1910 жылы Лондонға барды. 1913 жылы Валлохайма Үндістанға қайтып келіп, Ахмедабад қаласында заңгер қызметін атқарды. Оның тұлға болып қалыптасуына Махатма Гандидің тигізген әсері өте зор. Патель Махатманың Үндістанның тәуелсіздікке жетуіне деген ұмтылысын қолдады және Гандидің адал ізбасары болды.





