Әлемдегі ең танымал автомобильдер тізімі жасалды

209

0

Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады, – деп хабарлайды РИА Новости «Автостат» сараптама агенттігіне сілтеме жасап.
2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп сатылған көлік -Toyota Corolla. Небәрі алты ай ішінде осы модельдің 611 мың данасы сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, сату көлемінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Екінші орында – Ford F-Series.
Жарты жыл ішінде 537 мың дана сатылған, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырған үш пайызға жоғары. Үшінші орында – Volkswagen Golf – 442 мың автомобиль сатылған. Үздік бестікте Honda Civic және Toyota RAV4 автокөліктері бар (425 мың және 409 мың автокөлік).
Тізімнің үздік ондығына Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry және Chevrolet Silverado көліктері енген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<