6 маусым күні негізгі қорларды сақтау бөлімінің қызметкерлері «Әлемге қызық кітаппен» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне оқырмандардың қызығушылығын тудырған ерекше кітаптар қойылды.
Атап айтсақ, кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын аурумен туылған Ни́к Вуйчичтің «Неудержимый: невероятная сила веры в действий», «Любовь без границ», «Будь сильным: Ты можешь преодолеть насилие»: и все, что мешает тебе жить» кітаптары қойылды.Әлемнің елдерін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген Ник Вуйчич жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға. Аяғының кішкене саусақтарының көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без границ» деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан. 2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Ник Вуйчич өз кітаптарынды өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында екендігін көрсетеді. Сондай-ақ көрмеге Аманжол Рысмендиевтің биік мақсаттарға жетуге ынталанған арманшыл адамдарға бағыт-бағдар көрсететін «Өрлеу» кітабы мен оқырманға жігер беретін, ерініп жүргендердің намысын қайрай, тірліксіз ұйықтап жүргендерді оятып, ұлы жетістіктерге жетуге талпындыратын кітаптар қойылды.
Көрме өмір тұрмысын жақсартуды көздеген жігерлі жастар мен көпшілік оқырман қауымға арналып жасалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<