«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған»

121

0

Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бойына жинаған арулардың мейрамы күлімдеген көктеммен қатар келеді. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әр анаға, әр аруға қуаныш сыйлау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелелік  кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында анаға деген қамқорлық, қоғамдағы ананың орны ерекше екендігін жастарға ұғындыру, ұлтымыздың салт-дәстүрлері  арқылы инабаттылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да белсенділік танытуда. Әйел қандай қызмет атқарса да үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай  болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда.

Мерекелік шараға «Қазақ гуманитарлық заң және техникалық», М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық, Көпсалалы «Ұлағат», М.Ықсанов атындағы Қызылорда  политехникалық колледжінің өнерпаз жастары қатысып, аналардың құрметіне жырдан шашу шашып,ән шырқалды.                                                                                                                         

«Әйел -ана – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тарих бетінде өзіндік орны бар батыр қыздар, барлық адамға үлгі боларлықтай ақылдылығымен ел аузында қалған аналар, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі еңбектерін қосқан арулар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар бетіндегі мақалалар қойылды.