«Лесбианка ғашық болды»: Қарагөз Тілеубекова жеке өмірінен сыр шертті

609

0

Фото: Бағдарламадан скриншот

«Бауыржан-шоу» театрының актрисасы, әнші Қарагөз Тілеубекова жеке өмірінен сыр шертіп, қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Театр майталманы «Базар like» бағдарламасында қонақ болып, өзіне ЛГБТ өкілдерінің де ғашық болғанын жасырмады.

«Маған қыздар да ғашық болған. Бір оқиға айтып берейін. «Бауыржан-шоуда» істеп жүрген кезім. Бір ресторанға кіріп, Нұрбек деген әріптесіммен тамақ ішуге барамын. Би кешіне қатысамыз. Сол кезде «андай» қыздар келді. Қазір қалай айтады, ЛГБТ дей ме, қысқасы бағыты бөлек қыздар келді. Қазір оның жасыратыны жоқ, «лесбианка» деп айта береміз. Мен ол қыздарды білмеймін. Мен мінезіммен еркекшора болсам, ол қыз қылығымен еркекшора. Менің артымнан қалмайды ана қыз. Мен ойлаймын енді жай әншейін бір танысқысы кеп отырған шығар деп. Сөйтіп барсам жаңағы Нұрбек үстелге келіп күледі де айтады «саған ана қыз ғашық боп қалыпты» деп. «Ойбай, не дейді мынау? Қане, қайсы қыз? Ой, әйбат қыз екен!» деп мен де қалжыңдадым. Ондай қыздар әлі де бар», – деп күлді актриса.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<