ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ БЕС БАСТАМА

345

0

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ БЕС БАСТАМА Кеше Қармақшы ауданы әкімдігінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінен туындайтын мәселерді жүзеге асыру мақсатында идеологиялық актив отырысы өтті. Актив отырысына аудан әкімдігінің аппараты, аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Мәжілісте аудан әкімі С.Мақашов үндеуден туындайтын мақсат-міндеттерге тоқталып, бес бастама бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талдап, сала басшыларына тапсырмалар берді.
Жиында «7-20-25» бағдараламасының жүзеге асуы бағытында ағымдағы жылы Жосалы кентінен 2019–2020 жылдары 20 арендалық тұрғын үй салу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалатыны, екінші бастама бойынша салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салу ұсынысы бойынша жұмыстар жүргізілетіні жайлы, үшінші бастама бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында, мектептерде ІТ саласына қажетті мамандар даярлау бойынша талдау жүргізіп, арнайы дәрістер ұйымдастыру, төртінші бастама бойынша орта және шағын бизнесті дамыту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында жұмыспен қамту мақсатында ауданға қосымша ресурстар тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Бесінші бастама бойынша үстіміздегі жылы 2018-2020 жылдары Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбыры құрылысын 2018-2019 жылдарға бері жылжыту жөнінде облыстық энергетика басқармасымен бірлесіп ұсыныс енгізілетінін жеткізді. Жосалы кенті орталығындағы №183 орта мектебін және басқа да әлеуметтік нысандар, жеке тұрғын үйлер көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіні туралы тоқталып өтті.
Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі туралы өзінің оң пікірін білдіріп, жүргізілетін шаралардың халық арасында қолдауға ие болып отырғандығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<