Лейла Йылдыз Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

308

0

Лейла Йылдыз Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды Лейла Йылдыз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Агенттік төрағасының кеңесшісі қызметіне осы уақытқа дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық серіктестік орталығының басшысы болған Лейла Йылдыз келді», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, ведомство өкілдері Лейла Йылдыздың Кембридж университетінің магистратурасын және Назарбаев Университетінің докторантурасын аяқтағанын айтып өтті. Лейла Йылдыз еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Зерттеу-сараптау саласында тәжірибесі мол, PRINCE2 Practitioner стандарты бойынша маман.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<