«Лидер» қоғамдық моншасы тұрғындарға қызмет көрсетуде

319

0

Тереңөзек кентінде сапалы буды ұнататындар үшін жаңа монша ашылды. Жеке кәсіпкер Сәуле Жаңатайқызы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша несие алып, монша кәсібін қолға алған.

Бір мезетте сыйымдылығы 50 адамға қызмет көрсететін қоғамдық моншаның ерлерге және әйелдерге арналған 15 адамдық 2 жуынатын бөлмесі, 2 жеке және 1 VIP бөлмесі бар. Моншада барлық жағдай қарастырылған. Әр бөлмеде өзінің демалатын, киім ауыстыратын, жуынатын және бу бөлмесі бөлек-бөлек.

Халық игілігі үшін ашылған «Лидер» коғамдық моншасы Зинадин Лекеров көшесінде орналасқан. Монша аптаның 6 күнінде жұмыс істеп, келушілерге қызмет көрсеуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<