Локальды профилактикалық шолу жалғасуда

38

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының Ақмешіт және Мерей мөлтек аудандарында «Квадрат» әдісі бойынша локальды профилактикалық  іс-шарасы  өткізді.

Бұл шараның мақсаты – аталған әкімшілік аймақтағы  профилактикалық есепте тұратын тұлғалар мен азаматтық қару иелерін тексеру, дүкендер мен компьютерлік клубтардың иелеріне заңдылықты сақтау туралы түсіндіру парақтарын тарату  болып табылады.

Шараға Жергілікті полиция қызметі басқармасының аппарат қызметкерлері және қалалық Полиция Басқармасының учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлерінен барлығы 41 қызметкер  жұмылдырылды.

Іс-шара барысында полиция бөліністерінің есебінде тұрған  30 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, оларға қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, көрсетілген әкімшілік аймақта тұратын ішкі істер органдарында тіркелген аңшы қарулары бар  43 азаматтың мекен-жайлары араланып, қаруды сақтау ережелері тексерілді.

Аралау барысында қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 15 азамат уытсыздандыру орталығына  жеткізілді.

Сонымен бірге, аталған аймақтағы маскүнемдікке шалдыққан және үйіне бөгде азаматтарды жинауы мүмкін 3 тұрғын-жай (притон) тексеріліп, үй иелерінің тізімі алынды. Әкімшілік аймақтағы 42 дүкенге заңмен белгіленген уақыттан кейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынатыны туралы хабарлама парақтар таратылды.

Компьютерлік клубтар орналасқан 6 нысан иелеріне ойын мекемесін заңсыз ұйымдастырған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктері туралы түсіндіріліп, хабарлама парақтар берілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз