Лондонда «Kazakhstan House» үйі ашылды

259

0

Вестминстер Лорд-Мэрінің шешімімен енді Лондондағы Қазақстан Елшілігінің ғимараты ресми түрде Kazakhstan House деп аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Бұл атау барлық ресми құжаттарда, қала карасында және басқа да таспаларда көрініс табатын болады. Толық мекенжайы мынадай: Embassy of the Republic of Kazakhstan Kazakhstan House 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA
Қазіргі таңда Лондондағы шетелдік Елшіліктер арасында өз елдерімен аталатын дипломатиялық миссия ғимараттарының саны өте аз. Олар – Біріккен Корольдікпен ерекше қарым-қатынасқа ие мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері.
«Басты мемлекеттік мереке қарсаңында осындай мәртебеге ие болу қуанышты жағдай. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтады. Біздің Елшіліктің ғимараты қаладағы көрікті жерлердің – Trafalgar Square мен Leicester Square аралығында орналасқан. Сәйкесінше, бұл округте түрлі елдерден келетін туристер өте көп. Kazakhstan House жазбасы Haymarket-тен де, Pall Mall-дан да, Cockspur Street-тен де жақсы көрінеді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<