Лос-Анджелестегі орман өртінен мерт болғандар саны 16 адамға жетті

56

0

Фото: report.az

Лос-Анджелес округін шарпыған өрт салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды NBC News.

Бұған дейін округ шерифі Роберт Луна 11 адам көз жұмғанын, 13 адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатын.

Лос-Анджелес округінде орман өрттері 7 қаңтарда тарай бастады. Метеорологтардың мәліметінше, өрттің тез таралуына құрғақ және өте желді күн райы себеп болған. Калифорния өрт сөндіру қызметінің соңғы деректеріне қарағанда, округтегі өрттің жалпы ауданы 15,5 мың гектарға жетті.

Қызыл жалын 12,3 мыңнан астам ғимаратты, соның ішінде танымал адамдардың мүлкін шарпыды. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің ұлы Хантердің, актриса әрі модель Пэрис Хилтонның, сондай-ақ актер және режиссер Мел Гибсонның үйлері өртенді.

Бұған дейін Калифорниядағы орман өртінен 10 адам мерт болғаны хабарланған. 

АҚШ президенті Джо Байден Калифорниядағы осы жағдайды штат тарихындағы ең ірі және ең жойқын өрт деп атады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<