Нартай өнер ұжымы Қ.Жүнісовтің «Love is..» комедиясын сахналады. Қанат Архабаев режиссерлік еткен спектакль 69-шы маусымның алғашқы премьерасы.
Оқиға желісі Тұрсынбек есімді студенттің жатақханадағы қызықты оқиғаларына құрылады. Оның үлкен курстағы Шыңғыс, Ермек, Рүстем атты ағаларымен өткізген әр сәті көрерменге күлкі сыйлады. Жастық шағында көзжазып қалып, уақыт өте келе табысқан комендант Ақмақта мен декан Жеңіс Жеңісовичтің кеш тұтанған сезімі де көпшілік көңілінен шықты.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<