Әліпби мәселесінде аса ыждағаттылық керек

380

0

Әліпби мәселесінде аса ыждағаттылық керек Жалағашта қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіруге байланысты «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» атты облыстық семинар өтті.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшірудің маңыздылығына тоқталды. «Қызылорда-Ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің медиа координаторы, облыстық ақпараттық-насихаттық түсіндіру тобының жетекшісі Е.Құсан семинарға медиаторлық жасаса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Боранбай «Әліпби мәселесінде аса ыждаһаттылық қажет», облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік тілдерді оқыту орталығының әдіскері, топ мүшесі Ж.Ерекешова «Әліпби алмастыру – уақыты жеткен шешім» атты хабарламалар жасап, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің өзектілігіне, маңызына тоқталды.
Семинарға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, АНТ мүшелеріне алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<