ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА КӨРСЕТКІШТЕРІ

323

0

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА КӨРСЕТКІШТЕРІ Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, онда ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама көрсеткіштері жайында, өңіріміздегі сыбайлас жемқорлық жағдайы жөнінде баяндады.
Әлеуметтік зерттеу қорытынды­ларына сәйкес Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын орындаудың бірінші кезеңі шараларын әлеуметтік қолдау өскен. Мәселен, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі 2015 жылы 57,9 процент, орталық мем­лекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына 64,8 процент, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына 51 процентті құраған болса, 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтар үлесі 17,9 процентке өскен.
Өткен жылы республика бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ішінде басым бөлігі, яғни, 51 проценті (1245) – парақорлық, 21 проценті – жымқыру мен алаяқтық болса, 16 процентін қызмет өкілеттігін теріс пайдалану фактілері құраған. Біздің облыста биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 39 сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған. Берікбол Ұзақұлы бұл көрсеткіштің былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17% төмен екенін айтты.
– 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың қазіргі заманғы жаңа әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Елімізде сервистік мемлекет құру негіздері қаланды. Бұл дегеніміз, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болды деген сөз. Мемлекеттік қызмет саласындағы биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – Мемлекет басшысына алғаш рет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы Ұлттық баяндама ұсынылғаны. Ұлттық баяндамада елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың жай-күйі, әлемдік аренадағы еліміздің жемқорлыққа қарсы саладағы орны мен оны алдын алу бағыттары айқындалды,– деп атап өтті Б. Байхожаев.
Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<