Ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты іс қозғады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, – деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz/ .
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймын», – деді МҚІСҚА ресми өкілі.
Агенттік өкілдері толық ақпаратты кейінірек беруге уәде берді. Ұсталған вице-министрдің атын әзірге атаған жоқ.





