Шымкент қаласында Қазақстанның сәнгерлері бас қосты. «Shymkent Pop Up Store» ұлттық дизайнерлер көрмесінің VIII маусымы «Шымкент-плаза» ойын-сауық орталығында салтанатты түрде ашылды.
Республикалық көрмеге 400-ге жуық бренд-компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстаннан бөлек бөлек Литва, Грузия және Өзбекстанның танымал дизайнерлері де шақыртылды. Көрмені тамашалаушылардың назарына шымкенттік дизайнерлердің көктем-жаз маусымына арналған топтамасы ұсынылды. Бұдан бөлек шеберлердің қолдан жасалған әшекей бұйымдары, былғары сөмкелер, косметикалар және кәдесыйлары көрмеден орын тапты.
Айта кетейік, ұлттық көрме үш күнге созылады. Дизайнерлермен қатар мұнда балаларға арналған дефиле ұйымдастырылып, визажистер және стилистер шеберлік-сабақтарын өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<