Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті

584

0

Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті Саяхат барысында экспедиция қатысушылары 16 күннің ішінде 4 мың шақырымды бағындырып, 4 облыстың тарихи-мәдени және туристік жерлерін аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұған дейін айтқанымыздай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағын қамтыған Ұлы Дала еліне саяхат экспедициясының Сарыарқа бағыты өз мәресіне жеткен болатын.
Экспедиция мүшелері саяхатты Ақмола мен Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында тіршілік ететін маралдарды тамашалаудан бастады.
«Бұйратау» саябағы аумағындағы ең ірі көлдердің бірі құстардың сан түрі мекендейтін – Әжібай көлі. Мұнда көбінесе құстарды тамашалағанды ұнататындар келеді», – деді экспедиция мүшесі, қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек.
Саяхатшылардың келесі тоқтаған жері – Баянауыл ұлттық табиғи саябағындағы Торайғыр көлінің жағасы. Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті 
Баянауыл саябағында экспедиция мүшелері барған тағы бір көл – Жасыбай. Экспедиция мүшелерінің айтуынша бұл – туристердің сүйікті орны және мұнда инфрақұрылым біршама дамыған. Қарағанды облысының аумағындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябағында экспедиция тобы Шайтанкөл деп аталатын тағы бір көлмен танысты. Көл тау басындағы тастардың арасында орналасқандықтан, мұнда тек жаяу жетуге болады. Бұл жер туралы аңыз өте көп, жергілікті халық мұнда жын-перілер мекендейді деп санайды.
Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов қатысушыларды Қазақстандағы ең ескі мешіттердің бірі, Құнанбай қажы салдырған мешітті көруге шақырды. Бүгінге дейін мешіт көп өзгерістерге ұшыраған. Кеңес үкіметі тұсында сәулеті ерекше мешіт бос қалған болатын. 1920 жылы мешіттің мұнарасы қиратылып, ғимараты мектеп ретінде берілсе, кейіннен қойма қызметін атқарды да, бертін келе мүлде бос қалды. 1980 жылдары мешіт қайта жөнделіп, қайта қолданылуға берілді.
Ары қарай экспедиция мүшелері еліміздегі ең үлкен су қоймалардың бірі – Балқаш көліне бет алды. Бұл өте ерекше көл, оның батыс жағы – тұщы, ал шығыс бөлігіндегі су тұзды болып келеді. Көлде балықтың шамамен 20-ға жуық түрі, ал жағасында құстың 120-дан астам түрі мекендейді, олардың көпшілігі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті «Балқаштың сол жағалауында жұмбағы мол, табиғаты сұлу Бектау ата тауы бар. Мұнда келгенде керемет «марс» пейзажын тамалауға болады. Бұл екі табиғи ландшафт – гранитті тау мен құмды даланың түйіскен табиғи ортасы. Бектау ата гранитті жартастары – жері бетінде қалған жанартау лавасы. Жанартау қатпарлары өте әдемі. Бұл таудағы ең көрікті жерлердің бірі – Атабек үңгірі. Оның ұзындығы 50 метр. Мұнда тәңіршілдер Ұмай анаға арнап діни рәсімдер жасаған деп саналады», –  деген өз ойымен бөлісті «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, экспедиция мүшесі Нұржан Алғашов. Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті 
Одан соң саяхатшылар ежелгі жартастарға салынған суреттер сақталған археологиялық ескерткіші бар Теректі шатқалына бет алды. Теректі әулие шатқалында «аң стилінде» салынған жануарлардың суретін көруге болады. Шатқалда шамамен 300 петроглиф бар.
Сондай-ақ, саяхатшылар осы бағытта тағы екі ұлттық саябаққа барды, олар «Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары, сонымен қатар ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасына кіретін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы.
Қатысушылардың айтуынша бір-біріне ұқсамайтын табиғат көріністері мен тарихы терең киелі жерлерді аралау керемет әсер қалдырды.

 Ұлы Дала еліне саяхат: Экспедиция мүшелері 4000 шақырым жерді жүріп өтті 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<