«Ұлы дала еліне саяхат» жобасының төртінші экспедициясы басталды

375

0

«Ұлы дала еліне саяхат» жобасының төртінші экспедициясы басталды 
20 тамызда «Ұлы дала eліне саяхат» жобасының «Сарыарқа» бағыты бойынша төртінші экспедициясы басталды. Жобаны ұйымдастырушы – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы.
«Ұлы дала eліне саяхат» экспедициясы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығын атап өту шеңберінде жүзеге асырылады.
«Сарыарқа» бағытының экспедициясын «QazaqGeography» РҚБ (Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы) «Сарыарқа» экспедиция бағыты 4 қыркүйекке дейін созылады. 16 күн ішінде экспедиция командасының мүшелері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ең қызықты жерлерімен 4595 шақырым жол жүріп өтеді. Экспедиция құрамында саяхатшылар, телевизия журналистері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер, атап айтсақ – ресейлік тревел-блогер Елена Хачина мен қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек бар. Қатысушылар Астана қаласынан Ақмола облысы Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумағында орналасқан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына жол тартады. Ары қарай экспедиция тобы Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағына, Қарқаралы, Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарына және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барады.
«Осы нысандардың әрқайсысының өзіндік қайталанбас атмосферасы бар. Мысалы, Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлі 2000 жылы әлемдегі ең бірегей көлдер кіретін «Тірі көлдер» халықаралық желісіне енді», – деп экспедиция жетекшісі, QazaqGeography РҚБ халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов атап өтті.
Жоба еліміздегі ең маңызды туристік кластерлерді, сондай-ақ Қазақстанның он бір облысы бойынша алты бағытты қамтиды: «Тянь-Шань маржандары», «Алтай – өркениет бесігі», «Жетісу Алатауы», «Сарыарқа», «Теңізден теңізге дейін» және «Жаңа Жібек жолы». Бағыттар туризмді дамыту үшін қызықты табиғи және киелі нысандарды мейлінше көп қамту есебімен жоспарланған. Бесінші және алтыншы бағыттар Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағымен жүретін «Теңізден теңізге дейін», сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары арқылы өтетін «Жаңа Жібек жолы» болады. Соңғы бағыт бойынша экспедицияға қазақстандық қатысушыларға National Geographic Ресей телеарнасының тобы қосылады. «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының қорытындысы бойынша туризмді дамыту тұрғысында күрделі мәселелер анықталып, оларды шешуге қатысты ұсыныстар дайындалады. Сонымен қатар жаңа бағыттар жасалып, суретті жолнұсқалар мен фото-, видео-дерекқор құрылады.
Экспедиция қорытындысы бойынша «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға бару жөнінде арнайы бағдарлама шығарылады. Экспедицияның ресми медиа-серіктесі – «Хабар» Агенттігі.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<