Ұлы дала мақтанышы – Абай

515

0

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып  дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Осы ұлттық  құндылығымызды  ұлықтау мақсатында бүгін қалалық  №6 кітапханасында  қазақтың ұлы ойшылы,ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Ұлы дала мақтанышы – Абай» атты кітап көрмесінің ашылуы болды. 

Шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сая Жамбылқызы ашып берді. Кітапханашы Г.Залиева «Ұлы дала мақтанышы» кітап көрмесімен таныстырып,оқырмандарды Абай шығармаларын оқуға шақырды. .Шарада «Таным» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Жолдасова ,»Әлімсақ» журналының тілшісі Айдар Сайлау, №235 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Құрманбаев Ораз,»Кітап құрттары» клубының мүшесі Уалихан Файзуллаев  сөз сөйлеп Абай-халқымыздың мақтанышы ғана емес ,біздің ұлттық ұранымыз, ақынның өлмес мұрасын әлемге таныту баршамыздың парызымыз екендігін айтты. №235 мектеп оқушылары  А.Алиакбарова, З.Жандос, Б.Смағанбет, А.Хайруллаева, Д.Дүйсенбаев және Ақмешіт колледжінің студенттері Абай өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып жыршыл қауымды риза етті.

Қазақтың  ұлы ақынының  шығармаларын насихаттау мақсатындағы шаралар жыл бойына жалғасын табады деген сеніммен  қорытындыланды.

А.Қалманова,

кітапханашы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<